Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарланды деп жазды turkystan.kz. «Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды» деп жазылған хабарламада. Ұлан Сапарұлы Байжанов 1958 жылы 9 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, мамандығы – заңгер. Еңбек жолын «КазГУград» КП-да аға заң кеңесшісі болып бастаған. 1983-1987 жылдары - Қазақ КСР Баспа істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің «Казкнига» РО бөлімінің бастығы; 1987-1991 жылдары – Алматы қалалық атқару комитетінің нұсқаушысы, заң бөлімі бастығының орынбасары, әкімшілік органдар бөлімінің бастығы, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы; 1991-1995 жылдары – Алматы қаласы Әділет департаментінің бастығы, Әділет министрлігінің алқа мүшесі; 1995-1997 жылдары – «Алматы - Заң» заң орталығының бас директоры; 1997-1999 жылдары – «Қазақтелеком» ААҚ вице-президенті; 1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер вице-министрі; 2003 жылғы қаңтар-наурыз – «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ-ты құқықтық қолдау жөніндегі атқарушы директор; 2003 жылғы наурыз-шілде – «ҚазМұнайТеңіз» теңіз компаниясы» ЖАҚ бас директорының орынбасары; 2003-2005 жылдары - «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ президенті; 2005-2008 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ президенті аппаратының жетекшісі, бизнесті қолдау және құқықтық қолдау жөніндегі вице-президенті; 2009-2011 жылдары – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры; «Тау-Кен Самұрық» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы; 2011-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы басқармасының бастығы, Бас прокуратураның Еуропа елдеріндегі және халықаралық ұйымдардағы арнайы өкілі; 2015-2017 жылдары – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры; 2017-2018 жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары; 2018 жылдың қазан айынан бастап – «Цесна Банк» АҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі; 2018 жылдан 2019 жылға дейін – «Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор; 2020 жылдың ақпанынан бастап - ҚР ҰОК Тексеру комиссиясының төрағасы; 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап – «Зерде» ұлттық холдингі» АҚ тәуелсіз директоры. «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ мен «Tengri Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болған. Ол II дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған.
Жүктелуде...