Қытайлық дипломат Украинадағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

Қытайлық дипломат Украинадағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді

Қытайлық дипломат Украинадағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі

Қытайдың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Чжан Цзюнь өз елінің Украинадағы қиын жағдайды бейбіт жолмен шешіледі деп үміттенетінін айтты деп жазды turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі жағдайда барлық мүдделі тарап ұстамдылық танытып, түсініспеушіліктің одан ары шиеленісуіне жол бермеуі керек. Өйткені Украина мәселесін бейбіт жолмен шешу әлі де кеш емес. Татуластықтың есігі жабылмауы керек деп санаймыз», - деді қытайлық дипломат.
Чжан Цзюнь екі ел арасында келіссөздің қажеттігін айта келе, Украина мәселесінде күрделі тарихи контекст бар екенін атап өтті.
«БҰҰ жарғысының мақсаттары мен қағидаттары бірлесіп сақталуы керек. Біз барлық мүдделі тараптардың сабырлылық пен ұтымдылықты сақтап, келіссөздер арқылы мәселелерді шешу үшін диалог пен кеңес беру міндеттемесін алады деп үміттенеміз. Қытай да бейбіт келіссөздер жүргізуді жалғастырады», - деді Чжан Цзюнь.
Бұған дейін Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Украина жетекші державалар арасындағы текетірестің алдыңғы шебі емес, Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпір болуы керек деген еді. Сондай-ақ, ол барлық тарапты ұстамдылық танытып, келіспеушіліктерді диалог арқылы шешуге шақырғанын қайталады.