БҰҰ басшысы Путинді Украинға шабуылды тоқтатуға шақырды

БҰҰ басшысы Путинді Украинға шабуылды тоқтатуға шақырды

БҰҰ басшысы Путинді Украинға шабуылды тоқтатуға шақырды
ашық дереккөзі
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей Президенті Владимир Путинге әскери күштерінің Украинаға шабуылдауын тоқтатуды сұрады деп жазды turkystan.kz. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Украина төңірегіндегі жағдайды шұғыл талқылау үшін осы аптада екінші рет жиналды. Отырыстан үзінділер ұйымның Twitter-дегі ресми аккаунтында келтіріледі.
«Мен жүрегімнен бір нәрсені айтқым келеді: Президент Путин, әскери күштеріңіздің Украинаға шабуыл жасауын тоқтатыңыз, әлемге мүмкіндік беріңіз!» деп жазды Антониу Гутерриш.
Бас хатшы бұған дейін бірнеше оқиғаның болғанын және Ресейдің Украинаға шабуылы сөзсіз екенін айтты. Бірақ ол жағдайдың бұлай ушыққанына сенгісі келмейтінін жеткізді. Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның жаппай шабуылдардың басталғаны туралы мәлімдемесінен кейін Антониу Гуттереш Владимир Путиннен әскерлерін Ресейге қайтаруды өтінді.
«Қазіргі жағдайда мен үндеуімді өзгертуім керек. Президент Путин, адамзат үшін өз әскерлеріңізді Ресейге қайтарыңыз. Бұл қақтығыс тоқтатылуы керек», - деді БҰҰ басшысы.