Ауыл мектебінің жанынан ер адамның мәйіті табылды

Ауыл мектебінің жанынан ер адамның мәйіті табылды

Ауыл мектебінің жанынан ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Ақмола облысы, Бұланды ауданындағы Алтынды ауылында таныстардың отырысы қайғылы аяқталды деп жазды turkystan.kz. 19 ақпан күні сағат 10.35-те ауылдық округ әкімі Бұланды аудандық полиция бөліміне қоңырау шалып, мектептің жанында мәйіттің жатқанын хабарлаған. Жедел іздестіру шарасының нәтижесінде, полицейлер 69 жастағы күдіктіні ұстады. Белгілі болғандай, ақпанның 18-і күні сағат 15.00 шамасында ер адам танысының үйіне барып, онымен бірге алкогольді ішімдік ішкен. Отырыстың соңы жанжалға ұласады. Сол кезде үй иесі танысының кеудесіне пышақ сұғып алған. Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») дерегі бойынша іс қозғалды.