Медальсіз қысқы Олимпиадаға жұмсалған қаражаттың есебі берілді

Медальсіз қысқы Олимпиадаға жұмсалған қаражаттың есебі берілді

Медальсіз қысқы Олимпиадаға жұмсалған қаражаттың есебі берілді
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Бейжің Олимпиадасына жұмсалған қаражат туралы айтты деп жазды turkystan.kz. ҰОК бас хатшысы Андрей Крюковтың айтуынша, қысқы Олимпиада ойындарына тікелей қатысуға бюджеттен 248 миллион теңге бөлінген. Оның 107 миллион теңгесі Air Astana компаниясының чартерлік рейстерін ұйымдастыруға жұмсалған.
«Командалардың Олимпиада ойындарына дайындығына 789 миллион теңге бағытталды. Дайындық жұмыстарына 234 спортшы және жаттықтырушы қатысты. Орташа шығын – бір қатысушы үшін 15 миллион теңге», - деді Андрей Крюков.
Сонымен қатар, ол спорт түрлері бойынша жыл бойы қанша қаражат жұмсалатынын айтты. Жалпы бюджеттен қысқы спорт түрлеріне 3,5 миллиард теңге жұмсалған. Атап айтқанда, биатлонға 384, тау шаңғысына 100, конькимен жүгіру спортына 400, шаңғы жарысына 363, керлингке 200, трамплиннен секіруге 198, сноубордқа 14, конькимен мәнерлеп сырғанауға 143, могул фристайлға 562, фристайл акробатикаға 319, шайбалы хоккейге (әйелдер, ерлер) 259, ал шорт трекке 392 миллион теңге бөлінген. Еске сала кетсек, қазақстандық спортшылар Бейжіңде өткен қысқы Олимпиададан медальсіз оралған болатын.