Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа жауап берді деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.Бұған дейін желіде соңғы 3 жылдан бері Ішкі істер министрі болған Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылады деген ақпарат пайда болған еді. Telegram-арналарында оның орнына ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деген болжам айтылған.