12 адамның өмірін қиған Bek Air ұшағына қатысты тергеу аяқталды

12 адамның өмірін қиған Bek Air ұшағына қатысты тергеу аяқталды

12 адамның өмірін қиған Bek Air ұшағына қатысты тергеу аяқталды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.
«Алматы қаласының маңында апатқа ұшыраған Bek Air әуекомпаниясының ұшағына қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Оның нәтижесі жақын күндері белгілі болады», - деді Қайырбек Өскенбаев.
Еске сала кетсек, аталмыш ұшақ апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған. Bek Air әуекомпаниясының ұшағы Алматы әуежайының маңында апатқа ұшырады. Бортта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.