Шымкентте 18 жастағы қыз 5-қабаттан секіріп кетті

Шымкентте 18 жастағы қыз 5-қабаттан секіріп кетті

Шымкентте 18 жастағы қыз 5-қабаттан секіріп кетті
ашық дереккөзі
Шымкентте 18 жастағы қыз 5-қабаттан секіріп кетті деп хабарлады turkystan.kz inform.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға әл-Фараби ауданына қарасты Т. Рысқұлбеков көшесі мен Ғ. Иляев көшесінің қиылысында болған. Отбасылық жанжалдың салдарынан 18 жастағы қыз 5-қабаттан секіріп кеткен. Дүкен ғимаратының күнқағарына құлаған бойжеткенге құтқарушылардың көмегі қажет болған.
«Құрамында 6 құтқарушы бар жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі оқиға орнына келіп, альпинистік жарақтың көмегімен 2004 жылы туған зардап шегушіні төмен түсіріп, жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне тапсырды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Аталған оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеретін болады.