Ақ үй Ресейдің Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді

Ақ үй Ресейдің Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді

Ақ үй Ресейдің Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеді
ашық дереккөзі
21 ақпанда Ресей мен АҚШ Президенттері Франция Президентінің Украинадағы жағдай бойынша саммитте кездесу туралы ұсынысына келіскені белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz ria.ru-ға сілтеме жасап. АҚШ әкімшілігі Ресей Украинаға «толық масштабты басып кіруге» дайындықты жалғастырып жатыр деп санайды. Вашингтонның пікірінше, Ресей үнемі теріске шығарып, мойындамай келе жатқанымен, ол шабуыл жақын арада болуы мүмкін. Бұған дейін Батыс елдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының мұндай болжамы орындалған жоқ, ал Ресей Украина төңірегіндегі жағдайды ушықтыру жоспары туралы ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр.
«Әзірге Ресей жақын арада Украинаға басып кіруге дайындықты жалғастырып жатқан сияқты», - дейді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки.
Айта кетсек, Елисей сарайы саммиттің «Ресей Украинаға басып кірмейтін болса ғана өтуі мүмкін» екенін мәлім етті.