Жаңаөзенде қару-жарақ сақталған қойма табылды

Жаңаөзенде қару-жарақ сақталған қойма табылды

Жаңаөзенде қару-жарақ сақталған қойма табылды
ашық дереккөзі
Арнайы іс-шаралар барысында Кесси атты қызметтік ит кесілген шолақ мылтық пен спорттық мылтықтары бар жасырын қойманы тапты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ұлттық ұланның «Батыс» РҚК баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сұлтанов хабарлады. №5548 әскери бөлімінің кинолог маманы, кіші сержант Асан Әбдікәрім із кесуге дағдыланған қызметтік иттің көмегімен полиция қызметкерлерімен бірлесіп жедел іздестіру шараларын жүргізген. Сөйтіп, 34 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан аңшылық шолақ мылтық және спорттық мылтықтар табылды.