19 ақпанда ауа райы қандай болады?

19 ақпанда ауа райы қандай болады?

19 ақпанда ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
Ертең еліміздің барлық аумағында дерлік ауа райы жауын-шашынсыз болады деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстанның бүкіл аумағы дерлік антициклонның ықпалына  байланысты жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың ең шеткі батысында ғана ауа райы өзгеруі ықтимал. Тіпті өңірде жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болып, көктайғаққа айналуы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді» деп жазылған «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында жел 15-20   м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман түседі. Алматы облысының Алакөл көлдері аймағында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады. Түркістанның солтүстігінде, Ақтөбеде, Атыраудың солтүстік-батысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.