«Қайрат» қарсыластарына айбат көрсете алар емес

«Қайрат» қарсыластарына айбат көрсете алар емес

«Қайрат» қарсыластарына айбат көрсете алар емес
ашық дереккөзі
Түркияда жаңа маусымға дайындық ретінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайрат» футбол клубы жолдастық кездесулерде жеңілістен көз ашар емес деп жазды turkystan.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жолы алматылық ұжым Ресейдің «Сочи» футбол клубымен кездесті. Ойын барысында «Қайрат» футболшылары өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана алмай қойды. Матчтың бірінші кезеңінде ресейлік клубтың футболшысы Матео Кассьера мергендігімен көзге түсіп, ұжымын алға шығарды. Ал екінші кезеңнің басында дубль авторы атанды. Отандық клуб өкілдерінің арасынан Данияр Үсенов 11 метрлік айып добынан гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Есеп – 1:2. Осылайша, «Қайрат» төртінші ойында жеңілістің кермек дәмін татуға мәжбүр болды. Айта кетсек, алматылық команда бұған дейін босниялық «Борац», өзбекстандық «Навбахор» және украиналық «Динамо» командаларына есе жіберген еді.