«Аруағын қорламаңдар!»: Майра Ілиясова тойда ру туралы әзіл айтқан асабаға шүйлікті (ВИДЕО)

«Аруағын қорламаңдар!»: Майра Ілиясова тойда ру туралы әзіл айтқан асабаға шүйлікті (ВИДЕО)

«Аруағын қорламаңдар!»: Майра Ілиясова тойда ру туралы әзіл айтқан асабаға шүйлікті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова тойда Наймандар туралы әзіл айтқан асабаның видеосына қатысты өзінің наразылығын білдірді деп жазды turkystan.kz. Әнші ашуына тиген асабаның тойдағы видеосын өзінің Instagram парақшасына жүктеп, оның айтқан әзіліне ренішін білдірді. Видеода той басқарып тұрған асаба өзінің анасы да, жары да Найман екенін айтып әзілдеген. Оның айтқан сөздерін естіген жұрт мәз болып, күлкіге қарық болған. Бірақ асабаның бұл әзілі Майра Ілиясованың намысына тиіпті.
«Мен Найманның қызымын! Орта жүзден шыққан ұлы Найман атамыз бүкіл қазаққа аты шыққан. Елдің бірлігін, амандығын ойлаған. Алланың бұйрығымен артынан мыңдаған ұрпақ өрбіткен қасиетті ұлы тұлға! Сіздердің де қасиетті аталарыңыз. Ол қазақтың ұланғайыр даласын жаудан қорғап, мына біз сияқты ұрпақтарының бақытты өмір сүруін армандаған. Біздің ұлы бабамыз!» деп жазды ол.
Асабаның бұл әрекетін ұнатпай, оның әзілін ерсі деп атаған әнші, қазақтың әр руына сыйластық танытуға шақырды.
«Мына жігіт анам Найман, әйелім Найман деп, тойда елдің алдына шығып мәз боп тұрған (Найман атамыздың аты аталған сайын келемеждеп күліп жатқандарды да түсінбедім) сайқымазақ Найман атамның күйеу баласы ма, әлде той жүргізген арзан әзілімен артист болып тұрған асаба ма? Әйел басыммен намыстанып отырмын! Найман атамның аруағын қорламаңыздар дегім келеді! Ойланайық, ағайын!» деп жазды ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от 𝑴𝒂𝒚𝒓𝒂 𝑰𝒍𝒚𝒂𝒔𝒔𝒐𝒗𝒂 (@mayrailyassova)