Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы ұсталды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы ұсталды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы ұсталды
ашық дереккөзі

Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ұстады деп жазды turkystan.kz «Ақ Жайық» газетіне сілтеме жасап. Шухрат Данбай аса ірі көлемде қаржы ұрлады деген күдікке ілінді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Алайда, департамент өкілдері газет тілшілеріне қосымша ақпарат беруден бас тартқан. Қазір ол Атыраудағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алу үшін куәландырудан өтіп жатыр. Айта кетсек, Шухрат Данбай мұнай өңдеу зауытын 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін басқарған.