«500 мың теңгеден жоғары жалақыны тек 159,3 мың адам алған» – статистика бюросы

«500 мың теңгеден жоғары жалақыны тек 159,3 мың адам алған» – статистика бюросы

«500 мың теңгеден жоғары жалақыны тек 159,3 мың адам алған» – статистика бюросы
ашық дереккөзі
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Ұлттық статистика бюросында Қазақстанда кедейлік шегінде қанша адам өмір сүретіні, қанша адамның 50 мыңнан кем және 500 мың теңгеден жоғары жалақы алатыны туралы айтылды деп жазды turkystan.kz. 2021 жылдың үшінші тоқсанындағы мәліметтерге сәйкес, кедейлік деңгейі 5,3 пайыз болған. Осылайша, елде 1 005 447 адам кедейлік шегінен төмен өмір сүреді.
«Бюро жылына бір рет толық жұмыс істеген қызметкерлер жалақысының құрылымы мен бөлінуі бойынша тексеру жүргізеді. Нәтижесінде 2021 жылы 2,9 миллион жалдамалы қызметкер тексерілді. Сөйтіп, 35,3 мың адамның (1,2 пайызы) орташа жалақыны 45 мың теңге алып келгені анықталды. 187 адам (6,5 пайызы) 45 001 теңгеден 60 мың теңгеге дейін, ал 159,3 мың қызметкер (5,4 пайызы) 500 мың теңгеден жоғары айлық алған», - деп жауап берді ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ статистика бюросы 2011 жылдан бастап 2021 жылға дейін Ұлттық банктің әр кезеңдегі өзекті бағамы бойынша орташа айлық жалақы туралы деректерді ұсынды:
2011 жылы – 90 028 теңге немесе 624 доллар; 2012 жылы – 101 263 теңге немесе 679 доллар; 2013 жылы – 109 141 теңге немесе 717 доллар; 2014 жылы – 121 021 теңге немесе 675 доллар; 2015 жылы – 126 021 теңге немесе 568 доллар.; 2016 жылы – 142 898 теңге немесе 418 доллар; 2017 жылы – 150 827 теңге немесе 463 доллар; 2018 жылы – 162 673 теңге немесе 472 доллар; 2019 жылы – 186 815 теңге немесе 488 доллар; 2020 жылы – 213 003 теңге немесе 516 доллар; 2021 жылы – 248 791 теңге немесе 584 доллар.
Осы орайда, ведомство қазақстандықтардың орташа жалақысы қалай анықталатынын да түсіндірді.
«Бюро орташа айлық жалақы туралы деректерді кәсіпорындардың тоқсандық және жылдық статистикалық есептілігі негізінде, кәсіпорындардың есептелген жалақы қорының сомасын кәсіпорындар қызметкерлерінің нақты санына және есепті кезеңдегі айлардың санына бөлу жолымен есептейді», - деп түсіндірді бюро.
Орташа айлық жалақы көрсеткіші табыс салығы, зейнетақы аударымдары, сыйлықақылар мен үстемеақылар ескеріле отырып қалыптастырылады.