Терезесінен жартылай жалаңаш қызды шығарған көлік иесі жауапқа тартылды

Терезесінен жартылай жалаңаш қызды шығарған көлік иесі жауапқа тартылды

Терезесінен жартылай жалаңаш қызды шығарған көлік иесі жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Жуырда әлеуметтік желілерде жүріп келе жатқан көліктің терезесінен шығып, салонға қайта отырған жартылай жалаңаш қыздың әрекеті қызу талқыланған болатын. Тексеріс жүргізген Алматы полициясы бұл көліктің жүргізушісін тапты деп жазды turkystan.kz.
«Тексерісті Алматы қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізді. Көлік жүргізушісі анықталды. Ол - 1997 жылы туған Қ. есімді азамат. Жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 230, 590, 593 және 599-баптарына сәйкес жауапқа тартылды», - деді департамент бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Қазір жолаушы қызға қатысты тексеріс жалғасып жатыр.