Батпаққара көтерілісіне қатысқандардың тізімі шықты

Батпаққара көтерілісіне қатысқандардың тізімі шықты

Батпаққара көтерілісіне қатысқандардың тізімі шықты
ашық дереккөзі
Қостанай облысы Мәдениет басқармасының (басшысы Ерлан Қалмақов) қолдауымен Батпаққара көтерілісі туралы жинақ жарыққа шықты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл көтеріліс қазақ даласындағы ұжымдастыру, ашаршылық, жаппай қуғын-сүргінге әкелген Кеңес өкіметінің саясатына қарсы болған. Жинақта Кеңес билігіне қарсы ұйымдастырылған наразылыққа қатысқан азаматтардың аты-жөндері мен басқа да мәліметтер берілген. Сонымен бірге көтеріліске қатысты әр жылдары шыққан материалдар жарияланған. Бұл кітап Кеңес өкіметі кезінде көтерілістер мен қозғалыстарды зерттеп жүрген тарихшылар үшін таптырмас еңбек деп ойлаймыз. Өйткені, жинақта мұрағатта ғасырға жуық  шаң басып, іздеушісін күтіп жатқан көптеген деректер жарияланған. Еңбек сонысымен құнды. Осы жұмысты бастап, соңына дейін жеткізген жоба авторы, талантты тарихшы Батырлан Сағынтаев бауырыма алғысымды білдіремін. Сонымен бірге кітаптың шығуына ұйытқы болған Қостанай облысы Мәдениет басқармасының директоры Ерлан Қалмақовқа, Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының директоры Асхат Қасенов пен Ақылдастар алқасының мүшесі болған басқа да азаматтарға алғысым шексіз. Батпаққара көтерілісі - қазақ тарихында әлі толық зерттелмей жатқан тақырып. Осы оқиғаны зерттеуді қолға алған азаматтардың еңбектері жанып, соларды көтеріліске қатысып, қаза тапқан аталарымыздың аруақтары желеп-жебеп жүрсін!

Дастан КЕНЖАЛИН