«Жаңа Қазақстан» зорлық-зомбылықсыз, азапсыз Қазақстан болу керек!» - заңгер

«Жаңа Қазақстан» зорлық-зомбылықсыз, азапсыз Қазақстан болу керек!» - заңгер

«Жаңа Қазақстан» зорлық-зомбылықсыз, азапсыз Қазақстан болу керек!» - заңгер
ашық дереккөзі
Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында қамауда отырған азаматтарды үтік басып азаптап жатқан полицейлерге қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз қазір үнсіз қалсақ, ертең полиция тарапынан «үтік басу» әдетке айналады. Ұрпағың үтіктеліп жүрмесін десең, бұл жағдайды ұмытпай, үтік басқандарды анықтап, ел алдына шығаруды талап етуіміз керек!» - дейді заңгер.
Оның айтуынша, Президент бүкіл уақытша ұстау мекемелеріне бейнебақылау камераларын қоюға тапсырма берген.
«Бүкіл бейнебақылау камераларына түскен видеоларды ел алдына шығарсын! Халықты қинамағанын көрейік! «Бір-екі күн шулайды, сосын ұмыталады» деп айтулары мүмкін. Бұл жәй ғана ұмытып кететін дүние емес! «Ұрып-соқты» дегенге құлақ үйренген, ертең «үтікпен күйдіріпті» дегенге де құлақ үйреніп жүрмесін. «Жаңа Қазақстан» зорлық-зомбылықсыз, азапсыз Қазақстан болу керек!» деп жазды ол.