Елімізде пойыз билеттеріне жеңілдік жарияланды

Елімізде пойыз билеттеріне жеңілдік жарияланды

Елімізде пойыз билеттеріне жеңілдік жарияланды
ашық дереккөзі
Жолаушылар 2022 жылдың ақпан айының соңына дейін «Тальго» коммерциялық пойыздарына жеңілдікпен билет ала алады деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  28-ден 51 пайызға дейінгі жеңілдікпен осы айдың соңына дейін мына бағыттар бойынша билет алуға мүмкіндік бар: 1) № 29/30 «Алматы 2 – Атырау» 35 пайызға дейін; 2) № 51/52 «Алматы 2 - Нұр-Сұлтан 1-Орал» 28 пайызға дейін; 3) № 69/70 «Алматы - Өскемен 1» 51 пайызға дейін; 4) № 111/112 «Алматы 2 – Маңғыстау» 43 пайызға дейін; 5) № 105/106 «Алматы 2 – Петропавл» 46 пайызға дейін; 6) № 711/712 «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Шымкент» 43 пайызға дейін. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады. Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап пилоттық режимде әйелдер вагоны тағы 6 жолаушылар пойызында іске қосылды.