Жолаушылар 2022 жылдың ақпан айының соңына дейін «Тальго» коммерциялық пойыздарына жеңілдікпен билет ала алады деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 28-ден 51 пайызға дейінгі жеңілдікпен осы айдың соңына дейін мына бағыттар бойынша билет алуға мүмкіндік бар: 1) № 29/30 «Алматы 2 – Атырау» 35 пайызға дейін; 2) № 51/52 «Алматы 2 - Нұр-Сұлтан 1-Орал» 28 пайызға дейін; 3) № 69/70 «Алматы - Өскемен 1» 51 пайызға дейін; 4) № 111/112 «Алматы 2 – Маңғыстау» 43 пайызға дейін; 5) № 105/106 «Алматы 2 – Петропавл» 46 пайызға дейін; 6) № 711/712 «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Шымкент» 43 пайызға дейін. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты 1433 нөмірі бойынша және Bilet.railways.kz сайтынан алуға болады. Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап пилоттық режимде әйелдер вагоны тағы 6 жолаушылар пойызында іске қосылды.
Жүктелуде...