Голливуд актері алаяқтық үшін 20 жылға түрмеге тоғытылды

Голливуд актері алаяқтық үшін 20 жылға түрмеге тоғытылды

Голливуд актері алаяқтық үшін 20 жылға түрмеге тоғытылды
ашық дереккөзі
Қаржы пирамидасын құрып, инвесторларды алдаған голливудтық актер Зак Авери бас бостандығынан айырылды деп жазды turkystan.kz АҚШ Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап. Зак Авери әр жылдары бюджеті аз фантастикалық және ужс жанрындағы фильмдерде ойнаған. Ол 2014 жылы «Fury» фильмінде әйгілі Брэд Питтің дублері болған. Американдық актер (шын аты Закари Хорвиц) алаяқтық жасағанын мойындады. Ол Netflix және HBO сияқты интернет платформалары кинотуындыларының құқығын сатқан. Сөйтіп, қаржы пирамидасын құрып, инвесторларға 690 миллион доллар шығын әкелген. ФБР мәліметтері бойынша, Зак Авери 2013 жылы өзінің «1inmm Capital LLC» кинопрокат компаниясын құрған. Бұл компания Латын Америкасында фильмдерді прокаттаумен айналысып келген. Жалпы, актер инвесторларға 227 миллион доллар қарыз болған. Алаяқ бұл қаржыны жеке қажеттіліктерін өтеуге және классикалық «Понзи схемасы» бойынша алдыңғы инвесторларға төлем жасау үшін пайдаланған. Енді 240 айға бас бостандығынан айырылған Зак Авери инвесторларға өтемақы ретінде 230 миллион доллар қайтаруы керек.