Петропавлда әжесі 3 жасар немересін автобуста ұмытып кеткен

Петропавлда әжесі 3 жасар немересін автобуста ұмытып кеткен

Петропавлда әжесі 3 жасар немересін автобуста ұмытып кеткен
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысының орталығында келеңсіз жағдай болды. Автобустардың бірінде кішкентай қыз үлкендердің қарауынсыз қалып қойды деп жазды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қыз полиция бөлімшесінде бір сағаттан астам уақыт өткізген.
«Бүлдіршінді Уәлиханов көшесіндегі полицияның стационарлық пунктіне автобустың жүргізушісі алып келді. Табылған қыз туралы ақпарат жедел басқару орталығына жіберілді. Ол бірден менің қолыма келіп, жылауын тоқтатты. Учаскелік инспекторлар оған тәттілер сатып алды. Бірақ ол анасының есімінен басқа ештеңе айта алмады», - делінген хабарламада.
Полиция модулінде қалған қызға ювеналды полиция инспекторы Виолетта Моисеева шақыртылды. Ал облыс орталығының тұрғыны қызының жоғалып кеткенін білгеннен кейін өз күшімен іздеуге кіріскен. Баланың туыстары «Береке» шағынауданындағы камералардың жазбаларын қараса, толқып тұрған анасы жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласады. Сөйтіп, қызының қаланың екінші шетіндегі модульде екенін біледі.
«Бұл қорқынышты түс сияқты. Сасқаннан қайда барарымды білмедім. Осы уақыт ішінде басыма неше түрлі ой келді. Қызым көшеде қатып қалды деген де ой келді. Балапанымның полиция қызметкерімен бірге екенін білген кезде көңілім босап, көп жыладым. Уақытында көмек қолын созған полицейлерге деген алғысым шексіз», - деді қыздың анасы.
Кейін белгілі болғандай, автобуста өзін жайсыз сезінген зейнеткер салонда ұйықтап қалған немересін ұмытып, үйіне кетіп қалған.