Азамат Сатыбалды Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болды

Азамат Сатыбалды Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болды

Азамат Сатыбалды Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болды
ашық дереккөзі
Танымал актер Азамат Сатыбалды Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook-тегі парақшасында хабарлап, жаңа басшыны қызметімен құттықтады.
«Құрметті достар, танымал кино және театр актері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдыны Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймын! Өнер адамының тағдыры ерекше! Қалың көрермен қауым Азаматты театр және кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарыны ерекше өнер иесі ретінде таниды. Стивен Кингтің «Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде» деген керемет сөзі бар. Біліктілігі мен білімін, іскерлігі мен жігерін орайлы ұштастыра білген Азаматтың қазақ өнерінің болашақтағы бет-бейнесін қалыптастыратын нағыз кәсіби мамандар дайындау бағытында барлық қарым-қабілетін жұмсайтынына сенімім мол. Азамат Сатыбалдыұлын жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне сəттілік және табыс тілеймін!» - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Айта кетсек, Азамат Сатыбалды 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.