«150 миллиард теңгенің күмәнді операциялары тоқтатылды» – ҚМА

«150 миллиард теңгенің күмәнді операциялары тоқтатылды» – ҚМА

«150 миллиард теңгенің күмәнді операциялары тоқтатылды» – ҚМА
ашық дереккөзі
Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Президент тапсырмаларының орындалуына қатысты атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді деп жазды turkystan.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Жанат Элиманов ведомство капиталды заңсыз шығаруға жол бермеу үшін қаржы реттеушілерімен бірлесіп, күмәнді трансшекаралық аударымдарға күшейтілген мониторинг ісін жолға қойғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл тоқтатылған күдікті операциялардың саны 3 есе асқаны және олардың жалпы құны 150 миллиард теңгеге жуық екені баяндалды. Осы деректер бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Агенттік мәліметінше, шет елге қаражат жіберу дерегі күрт көбейгені байқалмайды. Керісінше, биыл шет елге аударылған қаржы 30 пайызға азайған. Жанат Элимановтың айтуынша, мүдделі органдармен бірігіп, қолма-қол валютаны заңсыз шығаруға бақылау күшейтілген. Жалпы, 5 миллион АҚШ долларына жуық заңбұзушылық анықталған.