Оқушы ҰБТ-ға десерттің арасына телефон жасырып кірмек болды (ВИДЕО)

Оқушы ҰБТ-ға десерттің арасына телефон жасырып кірмек болды (ВИДЕО)

Оқушы ҰБТ-ға десерттің арасына телефон жасырып кірмек болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында қаңтар айындағы ҰБТ өтті. Талапкерлердің бірі сынаққа модем және ұялы телефон қосылған тәтті десерт алып кірмек болған деп жазды turkystan.kz. Ол тәтті ораманың арасына жасырылған құрылғылардың көмегімен тест тапсырмасын орындағысы келген.
«Креативті тест тапсырушылар бізді таңғалдырудан жалықпай келеді. Сіздердің назарларыңызға кекстің ішіне тыйым салынған заттарды алып кірген талапкердің «шығармашылық жұмысын» ұсынамын. Бірақ оның бұл қулығы біздің қырағы бақылаушылардың арқасында жүзеге аспады. Сондықтан оған креативті жұмысы үшін «140», ал қаңтар айындағы ҰБТ нәтижесіне «0» деген балл беріледі», - деп жазды ҰБТ орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Директор талапкерлерге ҰБТ-да смартфондарға емес, тек өз білімдеріне сүйену керектігін айтты.