Коронавирус жұқтырып ауруханаға түскен Владимир Жириновский туыстарын, әріптестерін және дәрігерлерді танымай жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланды. Дәрігерлер аурудың одан әрі дамуын болжай алмай отыр деп хабарлады turkystan.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Еске сала кетсек, 9 ақпан күні ол пневмониямен ауруханаға жатқызылған болатын. Өкпесінің бір жағынан 30%, екінші жағынан 50% қабынғаны айтылды. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, бірақ қант диабетінің үдемелі ауруына байланысты емдеу қиын.
Жүктелуде...