«Идите, в ж...»: көпбалалы аналардан қарғыс естіген депутат мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Идите, в ж...»: көпбалалы аналардан қарғыс естіген депутат мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

«Идите, в ж...»: көпбалалы аналардан қарғыс естіген депутат мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Астаналық мәслихат депутаты Ғабит Сатмағамбетов әкімдіктің кіреберісінде көпбалалы аналармен сөзге келіп қалды. Көпбалалы аналар асығып бара жатқан депутатқа тап беріп, дөрекі сөздер айтқан, қарғап-сілеген деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Ғабит Сатмағамбетов өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазып, оқиғаның мән-жайын түсіндірді.
«Мен арандатушылыққа қаспын. Әсіресе, тіл тигізетін адамдарды ұнатпаймын. Біреу желкеден қойып қалса, тура солай жауап беремін. Адекватты адам біреудің айыптауына, тіл тигізуіне, қорқытуына, тіпті, қарғыс айтуына қалай жауап беруі керек? Ашуған мінген түсініксіз бір әйелдер тобы әкімдікте жанжал шығарды» деп жазды Ғабит Сатмағамбетов.
Айтуынша, ол мәслихат отырысына асығып бара жатқан. Сол кезде әкімдіктің кіреберісінде бірнеше көпбалалы анамен ұшырасып қалады. «Міне, қараңыздар, тағы бір депутат қашып барады. Мында кел, мында кел!», - деп айқайлайды олар. Депутат сол жерде тоқтай қалып, олардан не үшін шу шығарып тұрғанын сұрайды. Алайда, әйелдер сабырға келмей, тағы айқайлап, депутаттың жеке басына тіл тигізеді. Ғабит Сатмағамбетов те қарап қалмайды. «Идите, в ж...» деп кетіп қалады. «G-Park» құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сатмағамбетовтың қайырымдылықпен айналысатынын көпшілік жақсы біледі. Ол көпбалалы отбасыларға 20 пәтер сыйлаған. Сондай-ақ өзінің қайырымдылық қоры арқылы үнемі материалдық көмек жасап отырады. Алайда кәсіпкер осы оқиғадан кейін көпбалалы аналарға көмек беруді тоқтататынын мәлімдеді.
«Бүгінгі оқиға жеке ұстанымды қайта қарап, көмекке мұқтаж адамдарды мұқият бағалауға итермелеп отыр. Сондықтан дәл қазір ресми түрде мәлімдеме жасаймын. Мен, Ғабит Сатмағамбетов, қайырымдылық қорының иесі ретінде көпбалалы аналарға қатысты кез келген көмек беруді тоқтатамын. Бүгінге дейін біраз көмек бердік. Бірақ бүгінгідей жағдайдан кейін біреуге қолұшын созайын деген ниетің болмайды екен», - деді депутат.