Жүргізуші әйел 5 жастағы баланы қағып кетті (ВИДЕО)

Жүргізуші әйел 5 жастағы баланы қағып кетті (ВИДЕО)

Жүргізуші әйел 5 жастағы баланы қағып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бүгін Ақтаудағы 17-шағынаудан 1 үйдің алдында болған көлік апатынан зардап шеккен 5 жастағы баланың жағдайы белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Оның жағдайы - орташа ауыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. Зардап шегуші жедел жәрдеммен балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда дәрігерлер баланы тексеріп жатыр.
«Травматология бөліміне түсті. Басынан жарақат алған. Ем жүргізіліп жатыр», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Ал оның анасы облыстық ауруханаға жеткізілді. Әйелді дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберген.