Атырауда 30 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен 8 адам ұсталды (ВИДЕО)

Атырауда 30 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен 8 адам ұсталды (ВИДЕО)

Атырауда 30 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен 8 адам ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Атырауда 30 жастағы жігітті бір топ ауылдасы аяусыз соққыға жығып, қанжоса күйінде айдалаға апарып тастаған деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Аяқ-қолы сынған, басы жарылған азаматты ауыл тұрғындары  тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ, жігіт есін жимастан, қабылдау бөлмесінде көз жұмды. Оны өлтірді деген күдікпен сол елдімекеннің 8 адамы ұсталды.  Оларға «Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру» бабымен айып тағылған. Бүгін күдіктілерге қатысты сот басталды. Егер олардың кінәлары дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.