«ФИФА» рейтингі: Қазақстан бір саты төмен сырғыды

«ФИФА» рейтингі: Қазақстан бір саты төмен сырғыды

«ФИФА» рейтингі: Қазақстан бір саты төмен сырғыды
ашық дереккөзі
Халықаралық футбол федерациясы («ФИФА») 2022 жылы алғаш рет ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады деп жазды turkystan.kz. Рейтингте Бельгия құрамасы көш бастаған. Бразилия құрамасы екінші орынға орнықса, үздік үштікті Франция құрамасы түйіндеп тұр. Посткеңестік елдердің ішінде Украина құрамасы топ бастаған. Аталмыш елдің ұлттық құрамасы 27-орынға табан тіреген. Ал Қазақстан құрамасы бір саты төмен сырғып, 120-орынға тұрақтады. Ұлттық құрамалардың рейтингісі төмендегідей: 1. Бельгия – 1828. 2. Бразилия – 1823. 3. Франция – 1786. 4. Аргентина – 1766. 5. Англия – 1755. 6. Италия – 1740. 7. Испания – 1704. 8. Португалия – 1660. 9. Дания – 1654. 10. Нидерланды – 1653… 120. Қазақстан – 1440. Толық тізіммен ұйымның ресми сайтынан танысуға болады.