Ағаштағы қарды сілкіп түсіруге 600 млн теңгенің бөлінгені рас па?

Ағаштағы қарды сілкіп түсіруге 600 млн теңгенің бөлінгені рас па?

Ағаштағы қарды сілкіп түсіруге 600 млн теңгенің бөлінгені рас па?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Шымкентте ағаштардың қарын сілкіп түсіруге бюджеттен қомақты қаржының бөлінгені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің қатысуымен ақпараттық-коммуникациялар орталығында брифинг өтті деп жазды turkystan.kz. Әкімнің орынбасары қаланың 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті жасыл желектерді күтіп ұстау, жаңа ағаштарды отырғызу, мерзімдік дәрілеу, суару, бұтау, ақтау және қардан тазарту секілді бірнеше жұмысты қамтитынын жеткізді.
«Жалпы, 116 мың гектар аумақта орналасқан Шымкент қаласында 6 миллионнан астам түп ағаш бар. Бұған 8 саябақ пен 39 гүлзарды қосыңыз. Ал ағаштардағы қарды сілкіп түсіру - жалпы жасыл желекті күтіп ұстау жұмыстарының көптеген бағыттарының бір тармағы ғана. Яғни, мұндай жұмыстар қауіпсіздік мақсатында адамдар жиі жүретін көпшілік орындардағы 66 220 ағашта жүргізіледі. Қаржылық сметалық шығындар 600 миллион емес, тек 891,4 мың теңге ғана», - деді Ерғали Білісбеков.
Сондай-ақ, шенеунік бұл сомаға жұмыстарды атқаратын азаматтардың еңбекақысы, сол жұмысқа пайдаланылатын көлік пен арнайы техниканың жанар-жағармайы мен өзге де шығындардың кіретінін айтты. Ал қыс мезгілінде қар жаумаған жағдайда бұл қаржы толықтай бюджетке қайтарылады.