Өлім, азаптау, жәбірлеу бойынша 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Өлім, азаптау, жәбірлеу бойынша 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Өлім, азаптау, жәбірлеу бойынша 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр
ашық дереккөзі
Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін ұсталғандарға қатысты өлім, азаптау және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану деректері бойынша 133 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев айтты деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Кененбаев заңсыз әрекеттер, соның ішінде азаптау негізінен тергеудің бастапқы кезеңінде болатынын алға тартты. Оның айтуынша, ұсталғандар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тергеуші немесе жедел уәкілмен жалғыз қалады. Көп заңсыздық осы кезде тіркеледі.
«Ұсталғандардың көбі өз құқығын білмейді, қорғаушылары да жоқ. Көп жағдайда полицейлер осыны пайдаланады. Оның себебі нақты реттелген жұмыс тәртібінің жоқтығында. Қаңтар оқиғасы соның айқын дәлелі», - деді ол Мәжілісте сөйлеген сөзінде.
Бас прокурордың орынбасары прокуратура органдарына қаңтар оқиғасына байланысты құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаптауы және құқық бұзғаны туралы 250 арыз түскенін айтты.
«Мәселен, биыл 12 қаңтарда Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз қамауға алынған 24 қала тұрғынын босатты. Бұл факт бойынша арнайы прокурор тексеріс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, адам өлімі, азаптау, жәбірлеу фактілері бойынша да істер тергеуде. Ұсталғандарға қатысты 133 қылмыстық іс тергеліп жатыр», - деді Ерлік Кененбаев.