Владимир Жириновский ауруханаға түсті

Владимир Жириновский ауруханаға түсті

Владимир Жириновский ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский Орталық клиникалық ауруханада жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz. Оған COVID-19 диагнозы қойылғанына байланысты барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. «Саясаткер Владимир Жириновский 2 ақпанда Орталық клиникалық ауруханаға ковид-омикрон диагнозымен жатқызылды. Қазір оның жағдайы тұрақты. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деді Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері. Бұған дейін 75 жастағы ЛДПР төрағасы және Мемлекеттік Думаның депутаты Владимир Жириновский Мәскеудегі Орталық клиникалық ауруханаға ауыр халде жеткізілгені хабарланған.