Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының капитаны ауысты

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының капитаны ауысты

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының капитаны ауысты
ашық дереккөзі

Бұл туралы Қазақстанның күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды turkystan.kz.

«Бұдан былай капитандық міндетті Қорлан Жақанша атқарады. Қорлан - Азия, әлем чемпионаты және әскерилер арасында өткен әлем біріншілігінің жүлдегері. 29 жастағы балуан 55 келіге дейінгі салмақта сынға түседі», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін капитан болған Алмат Кебісбаев спорттық мансабын аяқтап, бапкерлікке бет бұрды.