«Самұрық-Қазына» алдағы 3 жылда Ұлттық қорға 500 млрд теңге аудармақ

«Самұрық-Қазына» алдағы 3 жылда Ұлттық қорға 500 млрд теңге аудармақ

«Самұрық-Қазына» алдағы 3 жылда Ұлттық қорға 500 млрд теңге аудармақ
ашық дереккөзі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2022-2025 жылдары Ұлттық қорға 0,5 триллион теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Бұған ұлттық компанияларды IPO мен SPO-ға шығару арқылы қол жеткізілмек, деп жазды turkystan.kz.
«Біз Үкіметпен бірлесіп, компаниялардың бәсекелестік ортаға шығару талаптарына сәйкестігі бойынша критерийлерді бекітеміз. Жалпы, нәтиже алдағы 3 жылдың ішінде Ұлттық қорға шамамен 500 миллиард теңге бағытталады деп күтіп отырмыз», - деді қордың басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
Сондай-ақ ол акционерлік қоғам портфельдік компаниялардың IPO және SPO бойынша жұмысын жалғастыратынын атап өтті.
«Осыған байланысты біз компанияларымыздың IPO бойынша абсолютті дайындық парадигмасын негізге алатын боламыз. Атап айтқанда, инвестициялық қолайлы терезе болған кезде «ҚазМұнайГаз» бен  Air Astana әуекомпаниясын IPO-ға шығарамыз. Біздің активтерді жекешелендіру бойынша жұмыстар жалғасын табады», - деді басқарма төрағасы.