Зейнеткердің үйіне жылу жүргізіліп, адам танымастай өзгерді

Зейнеткердің үйіне жылу жүргізіліп, адам танымастай өзгерді

Зейнеткердің үйіне жылу жүргізіліп, адам танымастай өзгерді
ашық дереккөзі
Облыстық мәслихаттың депутаты Қ.Қасымғалиевтің қабылдауына Құрманғазы ауданының тұрғыны, зейнеткер Хасан Ғалиев көмек сұрай келді. Оның айтуынша, Атырау қаласында тұратын жеңгесі, зейнеткер Уақиза Ғалиеваның үйінде жылу жүйесі жөнді жұмыс істемейді. Салдарынан 2-топ мүгедек қызы Айгүлдің мектеп жасындағы үш баласын бейімдеу орталығына уақытша апарып тастауға мәжбүр болған. Үйде тұру мүмкін емес. Жеңгесінің асыраушысы жоқ. Туған ағасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Облыстық мәслихат депутаты Қанатбек Махмудұлы зейнеткердің үйіне өзі барып, мән-жаймен толық танысты. Үйде жылу жүйесін толығымен қайта жүргізу, жылу қазандығын жаңарту қажет. Терезелері мен есіктерін де ауыстырмаса, жүргізілген жылу жүйесінен пайда болмайтындығы анық байқалып тұр. Еденге линолеум төсеп, аулада тау болып үйілген құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды шығармаса болмайды. Сөйтіп, мәслихат депутаты Қ.Қасымғалиевтің бастамасымен бір айдың ішінде біраз жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, жылу жүйесі толығымен қайта жүргізілді. Ескі ағаш терезелердің орнына 11 заманауи  пластикалық терезе, қиыспай тұрған ағаш есіктердің орнына 9 жаңа есік орнатылды. Бұрын мүлде болмаған дәретхана мен душ бөлмесі жасалды. Сондай-ақ ауладағы үйілген қоқыс сыртқа шығарылды.  width= Зейнеткер У. Ғалиева мен қызы Айгүл партия өкілдерінен дәл мұндай көлемді көмекті күтпегендерін, үйіне жылумен бірге жылы шуақ енгеніне қуанышты екендерін жеткізді. Сондай-ақ партия мүшелеріне шынайы  ризашылықтарын білдірді.