Әл-Фараби ауданында су жаңа балалардың ойын алаңы бой көтерді

Әл-Фараби ауданында су жаңа балалардың ойын алаңы бой көтерді

Әл-Фараби ауданында су жаңа балалардың ойын алаңы бой көтерді
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясының Шымкент қаласындағы филиал өкілдері де тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бойынша көмектерін аямауда. Былтыр Әл-Фараби ауданына қарасты үш көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары филиал өкілдеріне хабарласып, аулада жайлы орта қалыптастырылмағанын және балалар ойнайтын орынның жоқтығын айтып шағымданған еді. Айтса айтқандай, Қарасу, 22-үй, Бейбітшілік, 2А-үй және Түркістан, 2/4 үй мекенжайында орын тепкен бұл аулада жеткіншектердің спортпен айналысатын мүмкіндіктері жоқ. Бұл өтінішке Шымкент қаласының құрметті азаматы Серік Түлбасов демеушілік көрсетуге ниет танытты. Сөйтіп, «С.Түлбасов» жеке кәсіпкерлігі екі айдың ішінде аудан аумағында заманауи спорттық құрал-жабдықтары бар балалардың ойын алаңын пайдалануға берді. Мұнда воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және шағын футбол ойнау мүмкіндігі қарастырылған. Демеуші құрылыс жұмыстарына 20 миллион теңге жұмсаған.  width=