Нұрқаділова әкесімен болған соңғы әңгімесін жариялады

Нұрқаділова әкесімен болған соңғы әңгімесін жариялады

Нұрқаділова әкесімен болған соңғы әңгімесін жариялады
ашық дереккөзі
Танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова Instagram-дағы парақшасында әкесі Заманбек Нұрқаділовпен болған соңғы жеке әңгімесін жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Менің арым таза, өйткені халық үшін өмір сүрдім. Сен мұны мақтан тұта аласың, уақыт өте келе артығымен бағалайсың деген еді» деп жазды Құралай Нұрқаділова.
Сондай-ақ ол әкесі тірі болғанда қақтығыс кезінде қандай әрекет ететінін айтты.
«Әкем болғанда, Қазақстан қалай өзгерер еді деп көп жылдан бері ойланып келемін. Шенеуніктердің халықтың сұрағына қалай жауап беретінін, не мүлдем елемейтінін әкемнің әрекеттерімен салыстырамын. Ол керек сұрақтардың жауабын білді, жағдайға білікті түрде иелік етіп, кез келген сұраққа сауатты жауап беретін еді. Ешқандай «ммм, аааа, солай, өйткені» деген сөздерсіз. Ең бастысы, ол өзінің ауылдан шыққанын ұмытқан емес. Көкірегін керген емес. Адасқан жастарға айтар сөз табатын. Тіпті, адреналинді агрессивті күйдегі жастарға айтар сөз табатын еді», - деді ол.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ДИЗАЙНЕР ДУШИ Автор метод (@kuralaiofficial)