Белгілі оппозиционер Ермек Нарымбаев та ұсталды

Белгілі оппозиционер Ермек Нарымбаев та ұсталды

Белгілі оппозиционер Ермек Нарымбаев та ұсталды
ашық дереккөзі
Алауыздықты қоздырғаны үшін сырттай сотталған белгілі оппозиционер Ермек Нарымбаев Алматы әуежайында ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, ол Киевтен ұшып келген сәтінде Алматы Халықаралық әуежайында қолға түскен.
«Ол іздеуде жүрген. Айта кетейік, Нарымбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бап «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша ұсталған болатын. Сот үкімін орындау мақсатында Ермек Нарымбаев тергеу изоляторына қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Нарымбаев әлеуметтік желілер арқылы өзінің Қазақстанға келетінін, бірақ елге жеткен бетте-ақ әуежайда ұсталатынын мәлімдеген болатын. Бәрі сол айтқанындай болды.