«Қызуқанды адаммын»: Бекболат Тілеухан журналистке ауыр сөздер айтқанын мойындады

«Қызуқанды адаммын»: Бекболат Тілеухан журналистке ауыр сөздер айтқанын мойындады

«Қызуқанды адаммын»: Бекболат Тілеухан журналистке ауыр сөздер айтқанын мойындады
ашық дереккөзі
Журналистке қол жұмсап, кәсіби қызметіне кедергі келтірді деп айыпталған экс-депутат Бекболат Тілеуханды Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жазықсыз емес деп таныды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылсын», - деді сот.
Тараптар 10 күн ішінде апелляциялық шағым бере алады.
«Судья, өзіңіз көріп тұрсыз, мен өте қызуқанды адаммын. Мен оны ұрдым деп ойламаймын, бірақ эмоционалды түрде ауыр сөздер айтқанымды мойындаймын. Бұл сөздерім үшін Айнұр Қоскинадан кешірім сұраймын», - деді сот отырысында Бекболат Тілеухан.
Журналист өз кезегінде татуласудан бас тартатынын айтты. Оның қорғаушысы Әсел Тоқаева экс-шенеунікті кінәлі деп тауып, оның әкімшілік жазаға тартылу керектігін алға тартты.
«Біз бұл шешімге қарсы арыз түсіреміз. Мен судьяның аузынан шыққан Бекболат Тілеуханның артық ниеті болған жоқ деген сөзіне назар аударғым келеді. Сонда біздің елде біреуді ұрып, сосын артық ниетім болған жоқ деп, жазадан құтыла салуға бола ма? Сол себепті мен соңына дейін бардым, өйткені журналистерге мұндай көзқарас көп. Көпшілік алаңда танымал адамға сұрақ қойылмайды деген ұғым жоқ», - деді Айнұр Қоскина.
Бекболат Тілуханның қорғаушысы Болат Тастыбаев екінші рет сот-медициналық сараптама тағайындауды сұрады.
«Өзінің қызмет барысында Бекболат Тілеуханның қол көтеруі мүмкін емес еді. Лифті ішінде біреу болмаса, біреу араша түсер еді. Олардың араларында көмекші тұрды, одан өтіп қалай қол көтеруге болады?! Бұл жағдайда жазалауды болғызбайтын денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді абайсызда қолдану орын алды деп есептейміз», - деді ол.