«Қайраттың» басшысы Асқар Есімов «Самұрық-Қазынаның» экс-басшысының туысы ма?

«Қайраттың» басшысы Асқар Есімов «Самұрық-Қазынаның» экс-басшысының туысы ма?

«Қайраттың» басшысы Асқар Есімов «Самұрық-Қазынаның» экс-басшысының туысы ма?
ашық дереккөзі
Кеше «Қайраттың» бас директоры болып тағайындалған Асқар Есімов клубтың ресми сайтына сұхбат беріп, клубты дамыту бойынша алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазды turkystan.kz. Басшы сұхбат барысында бір жылдары Ауыл шаруашылығы министрі, Алматы қаласының әкімі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басшысы болған тәжірибелі саясаткер Ахметжан Есімовтің туысы еместігін атап айтты.
«Жаңа жерде менің тегім көпшіліктің қызығушылық тудыратынын мойындаймын. Шын мәнінде, бұған менің етім үйренген. Бірақ бұл мәселеге бірден нүкте қойғым келеді. Жоқ, біздің туыстық байланысымыз жоқ», – деді Асқар Есімов.
Клуб басшысы қазір алдында кіріс бөлігін дұрыс құру, клуб шығындарын оңтайландыру бойынша міндеттер тұрғанын атап өтті.
«Қайраттың» ең басты бағыты – өз футболшыларын тәрбиелеу. Жанкүйерлердің көңілінен шығуға тырысамыз. Психологиялық қысымға төтеп бере білуіміз керек. Тәжірибелі бас бапкеріміз Құрбан Бердиевтің бар екенін ұмытпайық. Тәжірибелі маманның арқасында тек жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенімін», – деді Асқар Есімов.
Айта кетсек, 40 жастағы маман спорт саласында тәжірибелі басшы, осыған дейін Мәдениет және спорт министрлігіндегі Дене шынықтыру және спорт комитетінде және Ескек есу федерациясында жұмыс істеген.