Көліктердің нөмірін ұрлап, сыйақы талап еткен ер адам ұсталды

Көліктердің нөмірін ұрлап, сыйақы талап еткен ер адам ұсталды

Көліктердің нөмірін ұрлап, сыйақы талап еткен ер адам ұсталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында көліктердің мемлекеттік нөмірін ұрлап, кейін иесінен сыйақы талап еткен бопсалаушы қамауға алынды. Ол бұрын сотталған 25 жастағы елорда тұрғыны болып шықты, деп жазды turkystan.kz. Елорда тұрғыны полицияға Байсейітова көшесінің бойында белгісіз біреудің Hyundai Elantra маркалы көлігінің мемлекеттік нөмірін ұрлап кеткенін айтып арызданған. Көп ұзамай, күдікті қолға түсті. Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскер әрекетінің схемасы қарапайым. Ол ұрлық жасағаннан соң көліктің алдыңғы әйнегіне нөмірді қалай қайтару керектігі туралы жазба қалдырған. Сосын көлік иелерінен хабарлама күткен.
«Көлік иелері байланысқа шыққаннан кейін қаскүнем ақша аудару үшін төлем карталарының нөмірлерін жіберіп отырған. Қызметі үшін 10 мың теңге сұрап келген оның әрекетінен 8 адамның зардап шеккені анықталды. Аталмыш факті бойынша «Бопсалау» бабы аясында қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтың елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», - делінген полиция таратқан хабарламада.