«АрселорМиттал Теміртау» зауытында 46 жастағы жұмысшы қаза тапты

«АрселорМиттал Теміртау» зауытында 46 жастағы жұмысшы қаза тапты

«АрселорМиттал Теміртау» зауытында 46 жастағы жұмысшы қаза тапты
ашық дереккөзі
Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ында қайғылы жағдай болды, деп жазды turkystan.kz. Болат өңдеу департаментіне қарасты агломерация зауытында кен араластыру учаскесінің 46 жастағы жұмысшысы конвейерге түсіп кетіп, қаза тапты. Зауыт жұмысшыларының айтуынша, жазатайым оқиға түнгі ауысымда болған. Компанияның баспасөз қызметінің өкілдері бригадирдің қаза тапқанын растады.
«Болат өңдеу цехының агломерация зауытында оқыс оқиға болғанын хабарлаймыз. Қайғылы оқиғаның салдарынан әріптесіміз – 1975 жылы туған бригадирден айырылып қалдық. Арнайы комиссия құрылып, іс жүріп жатыр», - деді компания өкілі.
Бұл оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі де пікір білдірді.
«Облыстық бас мемлекеттік еңбек инспекторының бұйрығы бойынша, арнайы тексеру жүргізу үшін комиссия тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу аяқталғаннан кейін анықталады. Ол туралы қосымша хабарлайтын боламыз», - делінген хабарламада.