Ертең некеге тұрғысы келетіндер көп. Себебі жас жұбайларды 2.02.2022 деген дата қызықтырып отыр, деп хабарлады turkystan.kz. Белгілі болғандай, осы мыңжылдықта мұндай қайталанатын «қызық» күндердің саны бар-жоғы 60 екен. Өкінішке қарай, 07.07.2007 жылы некеге тұрғандардың ішінен 6 жұп алғашқы жарты жылдың ішінде ажырасып үлгерген. Соған қарағанда, берік отбасының кілті күнтізбедегі күнге ғана байланысты болмаса керек.
Жүктелуде...