«Соңғы қамал». COVID-19 екі жылдан кейін Кирибатиге жетті

«Соңғы қамал». COVID-19 екі жылдан кейін Кирибатиге жетті

«Соңғы қамал». COVID-19 екі жылдан кейін Кирибатиге жетті
ашық дереккөзі
Коронавирус пандемиясы басталғалы бері індет жетіп үлгермеген бірден-бір ел – Кирибати еді. Дегенмен қауіпті індет екі жылдан кейін Тынық мұхитындағы архипилагтарда орын тепкен бұл шағын мемлекетке де жетті, деп жазды turkystan.kz. Пандемия басталған кезде Кирибати шекарасын жауып тастаған болатын. Сөйтіп, онда қауіпті індет жұқтырудың бірде-бір фактісі тіркелмеген. Алайда әлемдегі эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтала бастаған соң жыл басында Кирибати билігі шекараларын ашу туралы шешім шығарды. Сөйтіп, елге 54 миссионер мінген ұшақ ұшып келді. Шенеуніктер көрші Фиджи аралынан оралған әрбір жолаушыны үш рет тексеріп, олардан вакцинациялаудан өтуді талап етті. Бірақ бұның барлығы жеткіліксіз болды. Тексеріс нәтижесінде, 36 жолаушыдан қауіпті індет табылды. Ал үш күннен кейін науқастардың саны 181-ге жеткен. Кирибати үкіметі төтенше жағдай жариялады. 30 қаңтар күнгі дерек бойынша, 460 тұрғынның сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Ал Кирибатидің 120 мың тұрғынының тек 33%-ы толығымен вакцинацияланған. Алғашқы дозаны шамамен 60 пайыз алды.