Ауыл шаруашылығының 3 басшысы субсидия қаржысын жымқырған

Ауыл шаруашылығының 3 басшысы субсидия қаржысын жымқырған

Ауыл шаруашылығының 3 басшысы субсидия қаржысын жымқырған
ашық дереккөзі
Елімізде ауыл шаруашылығы саласына бюджеттен бөлінген қаражатты иемденген бірнеше шенеунік ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жариялады, деп жазды turkystan.kz. Белгілі болғандай, Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Галамазян уақытша қамау изоляторына жабылған. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Жамбыл облысы бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары Ерлан Күлкеевті Таразда қолға түсірген. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Ізімбетов те Антикордың қолына түскен. Дереккөзге сүйенсек, 3 шенеунік те ауыл шаруашылығына бөлінген субсидия қаражатын қалталарына басты деген күдікке ілініп отыр.