RAMS Qazaqstan компаниясы қорға 300 млн теңге аударды

RAMS Qazaqstan компаниясы қорға 300 млн теңге аударды

RAMS Qazaqstan компаниясы қорға 300 млн теңге аударды
ашық дереккөзі
Отандық құрылыс саласында біршама танымалдыққа ие RAMS Qazaqstan компаниясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдаған ұжым «Қазақстан халқына» қорына 300 миллион теңге аударды, деп жазды turkystan.kz. Құрылыс компаниясының басшысы мен қызметкерлері қаңтардағы қақтығыста қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
«Біздің компания Қазақстан нарығында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қиын-қыстау шақта халықты тығырықтан шығаруға атсалысамыз. Қолдан келген көмегімізді көрсетіп, аянып қалмаймыз. Бірліктің арқасында бұл қиындықты да жеңеміз», - деді RAMS Qazaqstan фирмасының басшысы Рамазан Бұлбұл.
Компания жаппай тәртіпсіздік кезінде қираған полиция мен әкімдік ғимаратын қайта қалпына келтіруге де атсалысатын болады.