ХПК президенті қысқы Олимпиадаға бара алмайтын болды

ХПК президенті қысқы Олимпиадаға бара алмайтын болды

ХПК президенті қысқы Олимпиадаға бара алмайтын болды
ашық дереккөзі
Халықаралық паралимпиада комитетінің («ХПК») президенті Эндрю Парсонс коронавирус жұқтыруына байланысты Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына бармайды. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Коронавирустық сынағым оң нәтиже бергендіктен, қысқы Олимпиадаға қатыса алмайтыныма қатты өкінемін. Әзірше оқшауланған кезімде Паралимпиада ойындарының дайындығына көңіл бөліп, Олимпиаданы теледидардан тамашалайтын боламын. Барлық спортшылар мен Халықаралық Олимпиада комитетіне сәттілік тілеймін», - деп атап өтті Эндрю Парсонс өз жазбасында.
Эндрю Парсонс 2017 жылы IPC президенті болып тағайындалды және 2021 жылы бұл лауазымға қайта сайланды. Ол 2005-2009 жылдары Америка Паралимпиада комитетін басқарды, 2009-2017 жылдары Бразилия Паралимпиада комитетінің президенті болды. Айта кетсек, қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 4 - 20 ақпан аралығында, ал Паралимпиада ойындары 4 - 13 наурыз аралығында өтеді.