Петропавлдағы жылу электр орталығы тозып барады (ВИДЕО)

Петропавлдағы жылу электр орталығы тозып барады (ВИДЕО)

Петропавлдағы жылу электр орталығы тозып барады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Салдарынан кейінгі бір айда қондырғылар үш рет істен шыққан, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

№2 Петропавл жылу электр орталығында соңғы жылдары жағдай мәз емес деп айтуға болады. 22 қаңтарда екі бу қазандығы істен шыққан. Араға 2 күн салып, тағы біреуі жарамсыз болып қалды. Салдарынан энергетиктер кей аудандардағы тұрғын үйлерде жылу қысымын азайтуға мәжбүр болған. Қазір стратегиялық нысанда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Былтыр да желтоқсан айында онда апат болып, бірнеше аудан жарықсыз қалған.

Жалпы, монополистерге тұрғындар тарапынан сұрақ көбейіп кеткен соң, бүгін олар арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, мән-жайды түсіндірді.

 – Режим бойынша 8 қазандық істеп тұрған. 3 қазандық бірінен кейін бірі 2-3 сағатта істен шыға бастады. Түгелдей дерлік тозған, - деді жылу электр орталығының директоры Ержан Қоңырбаев.

Жалпы орталықта 12 қазандық бар. Мамандардың айтуынша, халықты тиісті деңгейде жылумен қамту үшін жоқ дегенде оның 8-і жұмыс істеп тұруы қажет. Жауаптылар сенбіге дейін олқылықтың орнын толтырамыз деп сендірді. Ал есептегіш құралдары жоқ абоненттерге коммуналдық төлем қайта есептеледі.

Биыл орталықта жаңғырту жұмыстарына 17 миллиард теңгедей қаржы жұмсалады.

Айта кетейік, мұнда маман тапшылығы бар. Мәселен, бүгінде 124 адам жетіспейді. Барлығы айлықтың төмендігіне байланысты.