Көкшетаулық ақындар қудаланып жатыр ма?

Көкшетаулық ақындар қудаланып жатыр ма?

Көкшетаулық ақындар қудаланып жатыр ма?
ашық дереккөзі
Бірер күн бұрын қаламгер Думан Рамазан Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринге әлеуметтік желі арқылы ашық хат жолдап, көкшетаулық ақындар Қуаныш Оспан мен Алмас Темірбайға араша түсуді сұраған, деп жазды turkystan.kz. Бұл жайында Мемлекеттік хатшы қаламгер Думан Рамазанмен жүздесуінен кейін айтты.
«Кездесуде қос ақынның мәселесі ғана емес, қазір қоғамды толғандырып отырған бірқатар өзекті проблема туралы пікір алмастық. Қуаныш пен Алмасқа келетін болсақ, оларға қатысты ешқандай да қудалау жоқ. Және де Қуаныш Оспан қызметін әрі қарай жалғастыра береді, оған ешқандай кедергі жоқ», - деді Ерлан Қарин.​
​Оның айтуынша, билік органдары қоғам өкілдерімен осылайша ашық сөйлесіп, бірлесе жұмыс жасауға мүдделі және оған дайын.